Қыркүйектің 15-іне емханаға тіркеу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-іне дейін жалғасады. Тұрғындар кез келген емханаға «Egov» электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады.емхана
Науқан кезінде тіркелген азаматтар медициналық қызметті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады. Ал биыл жыл аяғына дейін бұрын тіркеуде тұрған медициналық мекемеде қызмет көрсетіледі.
Бекітілген нормаға сәйкес, бір жалпы практикалық дәрігерге тіркелетін пациент саны 1700, аймақтық терапевтке 2200 адам, педиатрға 600 бала және 14 жасқа дейінгі 900 баладан аспауы қажет.