Емханаға тіркелу аяқталды

47

Емханаға тіркелу науқаны аяқталды. Шымкентте емхананы еркін таңдау барысында қала аумағындағы 44 емханаға 1 млн. 120 мың 324 азамат тіркелген. Сала жауаптыларының айтуынша биылғы науқанда азаматтығы жоқ және де өзге де санаттарға жататын 180 тұлға алғаш рет емханаға тіркелген.

Емханаларға тіркелу науқаны ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15-ші қараша аралығында ел аумағында дәстүрлі түрде өтті. Шымкенттіңтердің емханаға тіркелудегі белсендігі және осы саладығы жаңашылдықтар жайлы сала жауаптылары, ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде баяндап берді.
«Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне  сәйкес, емхананы еркін таңдау барысында 1 млн. 120 мың 324 тұлға 44 емханаға тіркелген, –
деп атап өтті  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының Бақытжан Позилов.

Науқан барысында қазақстандықтардан бөлек, республикада тұратын шетелдік азаматтар да таңдауларын жасап, емханаға тіркелу құқығын пайдаланған. Шымкент қаласы бойынша 37 шетелдік азамат пен 1 қандас өз таңдауын жасаған. Биыл емханаға тіркелгендер медициналық-санитариялық алғашқы көмекті келер жылдан бастап ала алады. Тағы бір ескеретін жәйт, науқан кезінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын тіркелген емханаларында қызметтерін алуды жалғастырады.
Сәбит Құралбек, ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры: «Тағы бір ерекшелік ағымдағы жылы 2500 адам өз таңдауын жасап «Доктор Орынбаев» медициналық орталығына  тіркелген. Биылдан бастап қала, ауыл тұрғындары медициналық қызметтерді қашықтықтан ала алады. Профильді дәрігерлердің, оның ішінде қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандарынан онлайн режимде консультация алуға мүмкіндіктері бар».

Егерде медициналық қызметтерді қашықтықтан алуға қатысты сұрақтарыңыз болса учаскелік дәрігерге немесе, емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болады. Айтулы мәселеде қандай да бір қиындықтар туындаса, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, ресми fms.kz сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы» арқылы хабарласа аласыз.

Шынар Оразова