Бекітілген бас жоспарға сәйкес, Ғ.Ілияев көшесі орташа жөндеуден өтті. Жолдың үстіңгі қабатын тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Жалпы жол ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.Сондай-ақ, ұзындығы 1990 метрлік Д.Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта веложол салынды.
Еске салайық, жол құрылыс жұмысы өткен жылы басталып, 2022 жылдың шілде айында қабылданып, пайдалануға берілген.