Úı Jańalyqtar Жол құрылысы саласында 12 мыңға жуық маман жетіспейді

Жол құрылысы саласында 12 мыңға жуық маман жетіспейді

Елімізде жол құрылысы саласында 12 мыңға жуық маман жетіспейді. Әсіресе, инженерден бастап қарпайым шеберге дейін тапшы.

Қазір барлық аймақта жол салу, жөндеу жұмыстары қарқын алды. Кейбір мердігерлер білікті мамандарды жоғары жалақыға жалдауға мәжбүр. Ал жоғарғы оқу орындарында бүгінде 600-ден астам ғана студент жалпы құрылыс саласы бойынша білім алып жатыр. Мәселені шешу үшін ұқсас мамандықта оқып жатқан студенттерді осы салаға тарту жоспарланып отыр.