«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 79 көпқабатты үй ауласы абаттандырылады

Үшінші мегаполисте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында екі кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы салынып жатыр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жобаға енген «Базарқақпа» тұрғын алабындағы 7 көпқабатты үйдің аула жұмыстарымен танысты. Абаттандыру жұмысымен бірге спорт алаңшасы салынатын аула құрылысы қараша айының соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылған.