Иттің егесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

28

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына «Күншығыс» шағынауданының тұрғыны арызданған. Онда өзі тұратын көпқабатты үйдің подъезіне ит байланып тұрғандығы жөнінде айтып, көмек сұраған.

Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына барып, иттің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабымен әкімшілік хаттама толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады. Егер іс-әрекеттер жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса айыппұл салынатынын ескертеді.