Мақта-елдегі ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша 2 орында

47

Қазір әлем бойынша 25-27 млн. тонна мақта талшығы өндіріледі. Негізгі өндірушілер Қытай мен Үндістан, олардың әрқайсысына әлемдік көрсеткіштің төрттен бірі ¼ тиесілі. Одан кейін Пәкістан, Бразилия, Өзбекстан, Түркия, Австралия, Түркіменстан деп кете береді.

Көштің басындағы елдер тізімінде Қазақстан жоқ. Осыған қарамастан, мақта Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша екінші орында. Алайда осы саланы дамыту үшін арнайы тұжырымдама жоқ.

Мақташылардың жұмысы

Кезіндегі мақта кластері іске аспады. Билік шаруаларды тұқым репродукциясы, пестицидтер алу сияқты шығындарға субсидия бөліп, қолдайды. Бірақ, қағаз жүзінде қолдайтын сияқты дейді белсенділер.