Министр: Электрондық цифрлық қолтаңбадан бас тартамыз

28
фото Литер.кз

Электрондық цифрлық қолтаңбадан бас тартып, оның орнына «eGov Mobile» қосымшасы арқылы құжаттарға QR-мен қол қоятын кез келді. Бұл туралы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді.

Айтуынша, жаңашылдық тұтынушыларға қызмет көрсетуді оңайлата түседі. Қажетті құжаттарға да лезде қол жеткізе алады. Бар болғаны азаматтар «EGov Mobile» қосымшасын жүктеп, тіркелуі керек.

Ал, тиісті деректерді телефон камерасымен QR кодты сканерлеп қол қоюуға болады. Сондықтан, электрондық цифрлық қолтаңбаны флешкаға жазып, компьютерде сақтаудың қажеті жоқ.