Әлеуметтік әмиянды қолданысқа енгізуге арналған пилоттық жоба

23

Әлеуметтік әмиянды қолданысқа енгізуге арналған пилоттық жоба таныстырылды. Пилоттық жобаға астанадағы 8 мектеп-лицейі мен 10 емхана қатысып жатыр.

Мәселен, мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын балалардың ата-аналары мектепте ыстық тамаққа жолдама алу үшін өтініш жазады. Ал жоба толығымен іске қосылғаннан кейін өтініш жазудың қажеті болмайды. Ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама түседі.

Содан кейін баланың көлік картасын әлеуметтік әмиянға қосып, оны мектепте түскі ас алу үшін пайдалануға болады. «Әлеуметтік төлемдер есебінен тауарларды сатып алу» қызметі арқылы дүкеннен QR-мен негізгі азық-түлікті сатып алуға мүмкіндік жасалады. Бұдан бөлек, әлеуметтік әмиянды ауруханада қолдануға болады.