Министр: Қазақстан жанама санкцияларға ілікпейді

24

Ресейге қатысты санкциялардың «салқыны» Қазақстанға тимейді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

«Қазақстан жанама санкцияларға ілікпейді. Ресейге қарсы санкциялардың ел экономикасын теріс әсерін болдырмау, соның ішінде жанама санкцияларға жол бермеу бойынша үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Ол сәтті жұмыс істеп жатыр, еуропалық комиссиямен және АҚШ әкімшілігімен тұрақты консультациялар жүргізіліп тұрады», — деді Тілеуберді астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында.