«Мотокөлік»: Шымкентте төрт күнде 900-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

16

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 15-18 қыркүйек аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның 4 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 887 дерегі анықталып, 15 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Оның ішінде: ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 1, пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған – 12, заңсыз қайта жабдықтаған 6 тұлғаға хаттама толтырылды. Техникалық қарап-тексеруден өтпеген мемлекеттік көлік құралын басқарған – 5, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 18, маневр жасау қағидаларын бұзған – 6, бағдаршамның тыйым салған сигналына қарамай өткен – 2, жол белгілерінің талаптарын орындамаған – 3 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, мотокөлік құралын мас күйде басқарған – 1, сақтандыру полиссіз басқарған – 10, жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеген – 2, белгіленбеген жерден – 820 жаяу жүргінші өтіп, жол ережесін бұзған.