Мүлік, жер салығын төлеу мерзімі 30 қыркүйекте аяқталады

0

Салық төлеушілердің назарына. Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылға есептелген жер және мүлік салығын төлеу мерзімі 30-шы қыркүйекте аяқталатынын ескертеді.

Басқарманың бүгінге берген мәліметі бойынша Еңбекші ауданындағы жеке тұлғалардың 13 мың 400 салық төлеушінің мүлік салығынан берешегі 280 млн. 246 мың теңгені құрады. Жалпы салық есептелетін нысандардың саны 61 мыңнан асады. Олардың жеке тұрғын үйлерге-28 мың 483, ал көпқабатты үйлердегі пәтерлер саны- 28 мың 367. Қалғаны гараждар және саяжайлар.

Қадыржан Панбаев, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: «30-шы қыркүйекте 2021 жылға есептелген жер және мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Тұрғындарды қалған  санаулы күндерде міндетті төлемді 1 қазанға дейін төлеуге шақырамыз. Одан кейін өсімпұл есептелетінін естеріңізге саламыз».