Қайнарбұлақ шағынауданы келесі жылы табиғи газбен қамтылады

22

Қайнарбұлақ шағынауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқын алды. Сондықтан қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстар барысымен танысты.

Аймақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылып жатыр. Қазірше оның 50 шақырымы біткен. Ал Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233 км2 болатын газ жүйесі тартылуда. Газ орнату жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Қайнарбұлақта салынуы керек электр жүйесінің ұзындығы 68,6 шақырымды құраса, қазірге дейін оның 40%-ы орындалды. Электр жарығымен қамту жұмыстары 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ.