Қарабұлақтағы шаруа биыл 10 тонна жүзім жинауды жоспарлауда

77

Сайрам ауданының халқы өзінің еңбекқорлығымен елге танымал. Бүгінде айтулы аймақтағы 55 мыңнан астам халқы бар Қарабұлақ ауылдық округі егіншілік және мал шаруашылығымен күн көреді.

Өңірдегі диқаншылардың бірі бақша өнімдері, мал шаруашылығы жылыжаймен айналысса, округте жеміс жидектен мол терім алатын шаруа қожалықтары да жетеді.

Қарабұлақ ауылындағы «Мамуржан» шаруа қожалығы жүзім жинауды бастады. Төраға маусымдық жұмысқа отбасы мүшелерінен бөлек 4-5 жерлесін тартқан. Таңертеңнен олар тапсырысқа сәйкес жүзімді жинап қорапшаларға салып, дайындауда.

Қожалық төрағасы 70 соттық жерге егілген 1 мыңнан астам түп жүзім бұтағынан күтімнің арқасында биыл бітік өнім аламыз деп отырмыз дейді.
Мадикарим Курбанов, Сайрам ауданындағы «Мамуржан» шаруа қожалығының төрағасы: «Биыл ауа райы қарасып, 10 тонна жүзім жинауды көздеп отырмыз. Қазір Отырар ауданындағы Темірланға жүзім жинап жатырмыз, тапсырыс берген еді.Жүзімнің келісін 150 теңгеден сатып жатырмыз. бірі осы жерден өнімді алып кетеді»

Жүзімнен бөлек, шаруашылықта 40-50 түп шабдалы және 10 түп алма ағашы бар. Жемісті көп егуге болатын еді, жер аз. Сондықтан жүзімге басымдық бердік.Ол суды көп қажет етпейді, төзімді және бір екі жылда өнім бере бастайды дейді шаруа.

Мадикарим Курбанов, Сайрам ауданындағы «Мамуржан» шаруа қожалығының төрағасы:» 2003 жылы  жүзім ектік. Көшеттерді отырғызғаннан кейін бір суарып алып, кейін гүлдегенде бір суарып аламыз. Бұтақтарын кескенде де біліп кесу керек. суды көп берсе, жүзім ағып өнім бермейді».

Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі диқаншылықпен айналысады. Үй іргелік жер алқабында жемістен бастап, бақша өнімдерін егеді.

Камилжан Абдилахатов Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі: «Округімізде 55 мың 40 адам тұрады. 10 мың 500 гектар жер бар. Күн көріс егіншілік диқаншылық, биыл су жақсы, тапшылық көрмеді. Сондықтан жақсы өнім алып жатыр. 70 гектар жерде жүзім бауы бар,50 гектар жерде алма бауы бар».

Былтыр жылдың соңында халық сайлаған әкім жұмысқа білек сыбана кіріспті. Өйткені өзі осы елдімекеннің тумасы. Ол жерлестеріне ауыз су және ағын су, субсидия мәселесін шешуге уәде берген. 4 жыл бұрын ұсақ шаруашылықтарға тыңайтқыш сатып алуға берілетін жеңілдікті қайтару бойынша аудан әкімдігіне хат жолданыпты.

Жаңа Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістердің шапағаты, халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бізге де тиеріне сеніміміз мол, дейді диқандар.