Қазақстанда бірінші рет «Ұлы дала жорығы» марафоны ұйымдастырылды

106

«Ұлы дала жорығы» атты тұңғыш республикалық марафон-бәйге басталды. Шара барысында 100-ден астам шабандоз Елордадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырым қашықтықты басып өтеді.

Марафон 18-29 қыркүйек аралығында 10 күнге созылады. Бәйге 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген. Еліміздің әрбір өңірінен марафонға 1 командадан қатысқан. Түркістандағы мәреге ең бірінші жеткен командаға – «Ұлы дала сарбазы» атағы мен 30 млн теңге көлеміндегі жүлделі сыйлық табысталады. Ал 2-ші және 3-ші орын иегері сәйкесінше 20 млн теңге және 15 млн теңге жүлдеге ие болады.