Қызылшадан 45 мың тонна қант алынады

36
фото Азаттық рухы

Елімізде қант қызылшасын өңдеуге мән беріледі. Осылайша, жаңа маусымда мамандар 45 мың тоннаға жуық тәтті өнім алмақшы. Көрсеткіш бұдан да көп болар еді. Алайда қант қызылшасы жоспардағы 12 мың гектардан аз егілген екен. Оны әкімдіктер байқаған.

Жалпы жыл басынан бері елде 200 мың тоннадан артық қант өңдірілді. Оның дені шикі құрақтан алынған. Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева алдағы үш жылда шикі қант құрағын тасымалдауға тура келетінін айтады.

Саланы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес суармалы аумақтарды кеңейтіп, технология жетілдірілсе, жыл сайынғы қант өндірісін 250 мың тоннаға жеткізу мақсатын орындауға болады. Ол кезде импорт 17 процентке дейін төмендеуі әбден мүмкін дейді сарапшы.