Шымкентте гипотермия аппараты ауыр асфексиямен туған баланың өмірін сақтап қалды

31

Елімізде гипотермия аппараты 22 нәрестенің өмірін сақтап қалды. Бұл аппаратты демеушілер перинаталдық ауруханаларға сыйға берген еді.

Нәтижесінде ауыр және орташа ауыр асфиксиямен туған Қарағандыда 16 нәресте, Ақтауда 3, Талдықорған, Өскемен және Шымкентте 1 сәби аман қалды. Айтып өтейік, бұл терапиялық гипотермияны нәресте туыла салысымен алғашқы сағаттарында қолдану қажет.

Құрылғы сәбидің дене температурасын автоматты түрде қалыпқа келтіріп, бірқалыпта ұстап тұрады. Сондай-ақ, гипотермия аппараты бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге және орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қорғап, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.