Шымкентте мотокөлік жүргізушісінің есірткілік масаң күйде екені анықталды

31

Шымкент қаласы аумағында өткен «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған мотокөлікті тоқтатады. Тәртіп сақшыларына бағынбаған 42 жастағы азамат қашып құтылуға тырысқанымен, полицейлер қала көшелерінің бірінен ізін суытпай қолға түсірді.

Күдіктіні тексеру барысында сырт киімінің оң жақ қалтасынан жасыл түсті, хош иісті есірткі затына ұқсас зат анықталып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Мотокөлік жүргізушісінің есірткілік масаңдығын анықтау үшін Шымкент қалалық наркологиялық диспансерге жеткізіліп, медициналық куәландырудан өткізіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, азаматтың есірткілік масаң күйде екені анықталды.
Күдікті Әл-Фараби АПБ-на жеткізіліп, сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркеуге алынды.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ мотокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-тармағымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және полиция қызметкерлерінің мотокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613- бабымен (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айыптұраққа жайғастырылды.