Шымкентте жаңа тұрғын үй кешеніне электр желісі жүргізіліп жатыр

Шымкенттегі «Igilik Park» тұрғын үй кешенін инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов тұрғын үй кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінде 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95% тартылып, электр желісі жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, кешендегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алу мүмкіндігі бар. Ал өтінім беру otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.