Ағымдағы жылдың 9-10 қыркүйек күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде. Іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың мәселелерін уақтылы шешу болып табылады.
Акция өткізілетін орындар:
1) Әл-Фараби ауданы «Арбат» аллеясы;
2) Абай ауданы, Жаңа талап шағынауданы.
Сонымен қатар, азаматтар 8-777-424-07-32 нөміріне хабарласып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.