Шымкентте көлігіне заңсыз дыбыс зорайтқыш орнатып алған жүргізуші жауапқа тартылды. Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы тасжолының бойында арнайы дауыстық құрылғы қойып алған «Ваз 2107» маркалы көлік жүргізушісін анықтады.
Аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 2-бөлігі (Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату) бойынша хаттама толтырылған. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.
Жалпы тәртіп сақшылары мұндай құқықбұзушылықты анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты алдағы уақытта да тұраты жүргізіп отырады.