IPO-ға шығарылған «ҚазМұнайГаз» компаниясының акцияларын сатып алуға өтінімдер түсті

54

IPO-ға шығарылған «ҚазМұнайГаз» компаниясының акцияларын сатып алуға 130 мыңға жуық өтінім түсті. Басымдық қарапайым азаматтарға берілді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

Үкімет отырысында Сатқалиев «ҚазМұнайГаздың» IPO нәтижелеріне тоқталды. Барлығы жеке және заңды тұлғалардан 153,8 млрд. теңгеге 129,9 мың өтінім түскен. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.

«Кеше Қордың директорлар кеңесі мен үкімет «Қазмұнайгаз» акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешімдер қабылдады. Қазақстан азаматтарының өтінішін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтардан түскен өтініштердің жалпы саны – 128,7 мың өтініш. Жалпы сомасы жетпіс 74,6 миллиард теңгені (48,5%) құрады», – деді Сатқалиев үкімет отырысында.