Созақ ауданында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталыққа күніне 30 мүмкіндігі шектеулі азамат пен ардагерлер келіп қызмет алуына болады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында орталықпен танысып, ардагерлерлермен жүздесті.
Бұл Созақ ауданында ашылған «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсетіп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді. Әрі тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды оқыту мен техникалық құралдарды пайдалануды үйретеді. Сондай-ақ ардагерлерге спорттық дене шынықтыру, массаж, көңіл сергіту шаралары, зиятркерлік ойын түрлері мен рухани- танымдық шаралар өткізуге жағдай жасалған. Яғни, келушілер салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын түзейді.
Сонымен бірге, облыс әкімі аудандық қорғаныс істер бөлімінің жаңадан салынған ғимаратын аралады. Айта кетейік, биыл алғаш рет елімізде 12 қыркүйек «Жергілікті әскери басқару органдары күні» ретінде атап өтіледі.
Дархан Сатыбалды Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауда айтқан тапрсырмаларына да кеңінен тоқталды. Әрі өңір басшысы Әділеті Қазақстан құруда бәріміз бір кісідей ат салысуымыз қажет екенін жеткізді.
Созақ ауданына іс сапар барысында Дархан Сатыбалды бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жылыту маусымына дайындығын саралады. Әрі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.