Су саласының материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту керек

29

Үкіметте де су саласының материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту жайы талқыланды.

Премьер-министрдің айтуынша еліміздің су ресурстарын басқару тиімділігі төмен. Оны арттыру үшін жауапты ведомстваның құрылымын қайта қарап, бассейндік инспекторлардың жұмысын жетілдіру керек. Сондай-ақ ғылым мен білімге де ерекше мән берілуі тиіс. Онсыз бұл саланы дамыта алмаймыз деді премьер.

Смайыловтың айтуынша кадрларды даярлау кезінде заманауи кәсіби стандарттарды енгізуге баса назар аудару қажет.