Румынияда асық атудан өткен әлем кубогына ұлттық құрама сапында түлкібастық Алмас Оңласынұлы қатысып, чемпион атанды. Байрақты додада асық атудан да, бес асықтан да Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Қарабаев Алмас ұлттық құрама командасының капитаны ретінде көптеген жарыста топ жарған. ҚР кубогы мен чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері атанған.
Бүгінде Алмас бапкер ретінде де өзін дәлелдеп жүр. Оның шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары болып, сенімін ақтап келеді.