Түркістан қаласында «Gastro fest Turkistan – 2022» фестивалі өтеді

Түркістан қаласында «GASTRO FEST TURKISTAN – 2022» гастрономиялық фестивалі өтеді. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттап, туристерге қаланың қонақжайлығын көрсету.

Фестиваль аясында Түркістанның 25-тен астам үздік мейрамхана мен дәмханасы ұлттық тағамдар, жергілікті деликатес пен стрит-фуд дәмділерін әзірлейді.

Сондай-ақ, фестиваль шеңберінде концерттік бағдарлама, түрлі конкурстар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, келушілерге бонус ретінде – GastroFest картасы тегін ұсынылады.