Шымкенттік оқушылар 14 ұлттың тағамынан жәрмеңке өткізді

33

Шымкент қалалық химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ерекше тағамдар көрмесі өтті. Өнер күніне орай ұйымдастырылған шарада 14 ұлттық тағамдары таныстырылды. Жәрмеңкенің ерекшелігі жиналған қаражат Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілмек.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өнер күніне орай ерекше тағамдар көрмесі өтті. Мұнда мектеп оқушылар 14 шаңыраққа бөлініп, әр ұлттың тағамын дайындағын. Бұл неміс халқының дәстүрлі киімін киген жастар 9 кей сыныбының шәкірттері. Олар бір үйге жиналып, немістің бредзель, крингель, штруль, қуырылған картоп сынды бірқатар тағамын пісіріп келіпті.

Тоғжан Тәшқұл, 9 сынып оқушысы: «Менің қолымда тұрған немістің бредзель деген ұлттық тағамы. Қашан қарасаңыз да немістердің үстелінде осы тағам тұрады. Бұдан бөлек штрулЬ бар. Бұның ішінде кортап, қамыр, ет, қызанақ бар. Бұның бәрін өзіміз дайындадық»

Ал Үшқоңыр шаңырағы қазақтық ұлттық тағамыннан кең дастархан жайды. Қос етек көйлек киген арулар қазы-қартадан бастап, ірімшік, құрт, бауырсаққа дейін пісірген. Үшқоңырлық қыздар дәстүрлі қазақ дәмдерін айрықша ықылыспен дайындапты.

Нұрайлым Жақсылық, 9 сынып оқушысы: «Бүгін біз шаңырақ болып қазақтың ұлттық тағамдарын дайындадық. Соның бірі қазы, біздің ұлттық тағамымыз. Біз бұл тағамдарды айт күніне орай әкеп салып жатырмыз. Бізде одан бөлек талқан, құрт сияқты қазақтың ұлттық тағамдары көп. Біздің ұлттық тағамға сұраныс жоғары. Бізде әсіп болған. Ол бірден сатылып кетті. Өздеріңіз көріп тұрғандай жәрмеңке өте қарқынды өтіп жатыр»

Көрмеге татар, италиян, түрік, шығыс тағамдары қойылды. Балалардың еңбегін жоғары бағалаған мектеп басшысы бұл шара оқушылардың ұлттық рухын көтеруге негізделгенін айтады.

Қайырбек Буксукбаев, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Әр түрлі ұлттың тағамынан жәрмеңке өткізіп жатырмыз. Оған біздің оқушыларымыз, ата-аналарымыз атсалысып жатыр. Бұл іс шараның мақсаты оқушылардың, мектеп ұжымының арасында ұлттық мүдде, жаһандық азаматтың принциптерін қалыптастыру. Мен де өз үлесімді қосып, әр ұлттың тағамынан дәм таттым. Маған ұнады, себебі тағамдар балалардың бар ықыласымен жасалған»

Ерекше атмосфера қалыптастырған жәрмеңке қайырымдылық үшін ұйымдастырылды. Жиналған қаражат Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен олардың отбасына беріледі.