Елімізде алаяқ адам алдау үшін түрлі айла-тәсілдер ойлап табады. Ығына жығылған кез келген кісінің қолындағысын қағып кетуге дайын тұрады. Әдетте алаяқтар адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізуді көздейтін қасиеттерін пайдаланады. Ал азаматтар мұндай алаяқтарға алданбаймын десе де, олардың қармағына қалай түсіп қалғандарын байқамай қалады.
Жақында осындай оқиға Шымкент қаласында орын алды. 2022 жылдың 10-қыркүйегінде Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, өз танысы Шымкент қаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін» деп, 900 000 (тоғыз жүз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол Түркістан облысының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азамат бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі уақытта ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.