20.08.2022 жылы сағат 12:23-те 102 арнасына белгісіз ер адам қоңырау шалып, Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жарылғыш қойылғаны туралы хабарлады.
Аталған аумақ қоршалып, мектеп ғимаратындағы барлық адамдар эвакуацияланды.
Оқиға орнын тексеру кезінде жарылғыш туралы жайт расталмады.
Жайт ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері мен қоңырау шалған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.