Жолдау: Елімізде әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі

56

 Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты.

«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды.