Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды.
Съезд барысында спикерлер кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын атап өтті. Делегаттар ҚР президенттігіне Amanat партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.
Айта кетейік, барлық облыс және Астана, Алматы, Шымкент қаласының делегаттары «Amanat» партиясының басты саяси іс-шарасына жиналды.