Астана-Санкт-Петербург бағытында әуе рейсі ашылды

43

30 қазаннан бастап Астана – Санкт-Петербург бағыты бойынша жаңа әуе рейстері ашылды, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуе рейсі жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рет қатынайтын болады. Жолаушыларды «SCAT» әуекомпаниясы тасымалдайды.
Екі қала арасындағы апта сайынғы рейс саны үшеу бооды. Бұл SCAT әуе компаниясының Пулково әуежайынан Қазақстанға екінші бағыты.
2022 жылдың маусымында тасымалдаушы Санкт-Петербургтен Ақтау курорттық қаласына рейс ашқан болатын.