Президент биылғы жолдауда қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды ұсынған еді.
«Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны түсінікті. Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бас прокуратура арнайы заңның жазылып жатқанын айтты. Құқық қорғау органы ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды ұсынып отыр. Ал ауыр және аса ауыр қылмысқа барғандардың жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Бірретік рақымшылыққа 1,5 мың жарым адам ілігеді деген болжам бар. Құжат 14 қазанға дейін талқылануы тиіс. Ал қаңтар оқиғасынан кейін қамалғандардың жақындары осы заңды үлкен үмітпен күтіп отыр.