«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі кезекті рет қайырымдылық шарасын өткізді.
25-қазан Республика күніне орай мекеменің қолдауымен Түркістан облысының медицина мекемелеріне қарасты қызметкерлерге азық-түлік себеттері таратылды.
Әлеуметтік қолдауға ие болғандардың басым бөлігі кіші буын медицина қызметкерлері. Атап айтар болсақ, аула сыпырушы, тазалықшы, сантехник,қарауыл, жүргізуші,даяшы, кіші мейірбике, күзетші, бағбан, ағаш ұсташы, кір жуушы, хатшы қызметіндегілер.
«Осы қайырымдылық шарасына ат салысып, қызметкерлер жүрегіне жол тауып жүрген барлық әріптестерімізге Алланың нұры жаусын! Әр құбылыстың бастаушысы мен қолдаушысы болатынындай, Сакен Арыстанұлы бастаған барлық ұжымға қалың көпшілік атынан мың алғыс айтамыз. Біз сияқты көп балалы аналар үшін мұндай қолдаудың маңызы зор»-дейді жеті баланың анасы Шылпакбаева Сайрагүл.
Игі шара аясында «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан жалпы медицина ұйымдарындағы 250 кәсіподақ мүшесіне азық-түлік себепттері таратылды. Солардың бірі Қантөре Жұлдыз. Көп балалы ана 11 жылдан бері медициналық ұйымда тазалықшы болып жұмыс істейді.
“Жылда көмек алып тұрамыз. Бұл жолы да қайырымды жандардың көмегінен шет қалмадық. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үлкен сауыпты іс деп білемін” -дейді Қанторе Жұлдыз.
Айта кетейік, аталған кәсіподақ ұжымы өңірлердегі медицина қызметкерлерін қолдап қана қоймай, оларға әлеуметтік көмек те көрсетіп келеді. Облыс деңгейінде кәсіподақ тарапынан көмек алғандардың саны жылдан-жылға артып, сала қызметкерлерінің зор сеніміне ие болуда.
Тұрғындар тарапынан қайырымдылық көрсетілсе деп көтерілген өзекті мәселелердің бірі болатын. Кәсіподақ мүшелері өтінішке дер кезінде үн қатты.