Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту үшін 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Бұл сапалы тауарлар өндірісін арттыруға бағытталған.
Құжат Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында бекітілді. Жиында Үкімет басшысы фискалдық реттеуді қайта қарау, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы де-карбонизациялау және цифрлық трансформациялау жұмыстары жалғасатынын айтты.
Шараға қатысушылар Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтарының қызметі туралы есеппен танысты. Атап айтқанда, инвестициялық саясатты, энергетиканы, экологияны және мұнай-газ саласын дамыту, цифрландыру, еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелден жұмыс күшін тарту мәселелері талқыланды.