Бүгін Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні өтуде.
Халықаралық маскүнемдікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада тұрғындарға нарколог, терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетуде.
Сондай-ақ шара аясында салаға жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтуде.
Ашық есік күні бүгін, 26-қазан күні емханда 17:00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері Шымкент қаласындағы барлық мектептерінде алдын-алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізеді. Жұмыс маскүнемдікті алдын алуға бағытталған.
Психикалық денсаулық орталығы неврология, психиатрия және психология кафедрасы, үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп студенттер арасында маскүнемдікті алдын-алу жұмыстарын өткізеді. Бұл әлем жаулаған дертпен ұлт болып күресуіміз керек.