Нидерланд компаниялары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қаржы құймақ. Инвестицияның жалпы көлемі 400 миллион еуродан асады. Осы мақсатта екі тарап келісімге келді.
Жалпы қол қойылған құжат саны – бесеу. Оның ішінде Павлодар облысында автоматтандырылған сүт фермасын ашу туралы меморандум да бар. Сонымен қатар денсаулық сақтау, ІТ саласында да бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр.