Демалыс күні қаланың бірнеше құрылыс компаниясына мегаполис басшысының келуі күтпеген жағдай болды. Мұрат Әйтенов мердігерлердің есебі — орындалған жұмысқа сәйкес келетініне көз жеткізу үшін нысандарды ескертусіз аралады. Әкім компанияларға бірқатар сын-ескертпе айтып, құрылыс мерзімінде аяқтамай немесе сапасыз болған жағдайда басшыларды не күтетінін ескертті.
Қала әкімінің демалыс күні құрылыс нысандарына келуі – мердігерлер үшін күтпеген тосын жағдай болды. Өйткені, оларға алаңдауға негіз бар. басты себеп, ең алдымен — құрылыс мерзімінің тым ұзаққа созылып кетуі. Мұрат Әйтенов мердігерлерден берілген тапсырманы орындап, жұмысты уақытында аяқтауды талап етті.
Ал «Тұран» шағынауданындағы кредиттік тұрғын үйлерге жаңа қоныс иелері орналасуы керек. Қала басшысы әрбір ұсақ-түйекке назар аударып, кемшіліктерді дереу жоюды тапсырды.
Нұрсәт шағынауданында жаңа станция мен Төтенше жағдайлар департаментінің бас кеңсесінің құрылысы жүріп жатыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен ақша бөлініп қойған. Енді жауаптылар құрылысты жыл соңына дейін аяқтауы қажет.
Құрылысшылар жұмысты толық аяқтау үшін тағы біраз уақыт сұрады. Алайда, оларға берілген уақыт аяқталуға жақын. Себебі күн суыған кезде көптеген технологиялық жұмыстарды жасау мүмкін емес. Сондықтан, Мұрай Әйтенов нысандардың сапасын бақылау мақсатында құрылыс барысынын жиі тексеріп отырады.