Қашағанда мұнай өндіру қалпына келіп жатыр

34
фото атр.кз

Қашағанда мұнай өндіру қайта қалпына келіп жатыр. Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының мәліметінше, қыркүйектің соңына қарай өңдіріс 10 мың тоннаға өсіп, қазір күніне 197-199 мың тонна шикізат алынып жатыр.

Тамызда кен орнында мұнайды сүзіп алатын құрылғы істен шығып, жұмысы уақытша тоқтаған. Кейін біртіндіп қалпына келгенімен, өткен айларда ел бойынша өндірілген шикізат үлесі азайды. Кейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазан айында Қашағанда мұнай өндіру қалпына келетінін хабарлаған.