Қазақстанға келетін ресейліктердің саны азайды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күніне шекарадан 9 мыңға жуық адам өтеді. Ал, 11 мыңдай ресей азаматы елден шығып кетеді.
Қазір көрші елде мобилизация бойынша ахуал да тұрақталған. Сондықтан, мигранттар саны 21 қыркүйекке дейінгі деңгейге қайта оралды. Сондай-ақ, Орал, Петропавл, Ақтөбе және Павлодар қаласында ресейліктерге қызмет көрсету үшін ашылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелері жабылып жатыр.