Сегіз жыл араласқан әйелді кездесуге шақырып, құны қымбат бренд маркалы ұялы телефонын ұрлатып алды.
Оқиға 2022 жылдың 29-қыркүйегінде, сағат 16:00-де орын алған. Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 50 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, бұрынғы танысы кездесуге келіп, соңында өзіне тиесілі «Iphone 12 mini» маркалы ұялы телефонын жасырын жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 600.000 (алты жүз мың) теңгені құрап отыр.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары азаматшаның жеке басын анықтау және іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 28-де.
Ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап ұрлыққа, қаражаттың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді.
Қазіргі кезде, байланыс құралы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Айта кетейік, полицейлер күдіктінің басқа да ұрлыққа, осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.