Республика күні қарсаңында Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде «Қазақстан мәңгілік- Атамекен» атты меркелік іс шара өтті. Мақсат – студент жастардың өз Отанын сүйетін, халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азамат болып қалыптасуына септесу. Өз елінің құндылықтарын қастерлеуге үндеу.
Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы 25-ші қазан Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті. «Қазақстан мәңгілік – Атамекен» атты мерекелік шарада атаулы датаға қатысты деректер баяндалды. 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Айтулы байқауда бірінші орынды бастауыш білім беру бакалавры факультеті жеңіп алды.
Мемлекетімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, дүниетанымына, білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне үлес қосып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға бүгінгі өскелең ұрпақ та өз үлесін қосуда дейді білім ордасының өкілі.
Ерлан Байсейітов, Shymkent жоғары педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Республика күні мерекесі қарсаңында біздің колледжде шара өтіп жатыр. Студенттеріміз арасында байқау өтті. Мұндай шаралар студенттердің бойында жауапкершілік, Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді».
Бүгінгі іс шараға белсенді түрде атсалысқан колледж жастары, біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз дейді.
(№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген)