Shymkent жоғары педагогикалық колледжі түлектеріне диплом табыс етілді

45

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің 2023 жылғы түлектеріне диплом табыс етілді. Айта кетейік, оқу ордасы үшін биыл өте табысты жыл болды. Білім ұясы мемлекеттік аттестациядан және халықаралық акредиттациядан өтті.

Жастар ресурстық орталығында жиналған қауым Шымкент жоғары педагогикалық колледжін бітірушілерге қошемет көрсетуде. Шарада дипломдар 17 мамандық 19 біліктілік бойынша білім алған түлектерге салтанатты түрде табыс етілді.

Дана Досан, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің түлегі: «Мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша дәріс алдым. Енді балабақшада жұмыс істеймін. Өйткені практиканы сол жерде өттім. Өздері шақырды»

Мерекелік шарада үздік студенттердің аналарына Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің құрылтайшысы Ифтихар Юнусовтың арнайы алғыс хаты табыс етілді.

20 жылға жуық тарихы бар Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің студенттері сапалы білім алып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға де белсенді қатысады. 4 жыл бойы еріктілер қатарында қолдау көрсеткен студенттер Жастар ресурстық орталығы мен Аманат партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Алғыс хаттарымен марапатталды. Айта кетейік, биыл оқу ордасын 420 түлек бітірді.

Гүлнара Ибрагимова, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің директоры: «Биыл  2023 жылы  колледжді 420 түлек бітірді, олардың 55-і үздік бітірді. Мемлекеттік тапсырыспен және ақылы негізде бітірген мамандарымызға үлкен үміт артып отырмыз. Олардың барлығы жұмыспен қамтылады, білімін жетілдіремін дегендері білімдерін ЖОО жалғастырады».

Мемлекеттік аттестация және халықаралық аккредитациядан өткен білім ордасының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Өйткені Шымкент жоғары педагогикалық колледжі түрлі сала бойынша білімі жоғары, сапалы мамандарды дайындайды.

(Лицензия № KZ35LAA00014412 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген)
Shymkent жоғары педагогикалық колледжі

Мекенжайы: Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8 7252 50 61 36, 8 701 400 13 63, 8 705 376 00 77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj