Бүгін «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар Cases» диалог алаңының отырысы өтті. Кездесу барысында студенттермен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы насихатталды.
Бүгінгі жас бұрынғы жасқа ұқсамайды. Еркін ойлы, азат. Үйренсем, жетістікке жетсем деген құлшыныстары басым. Кез-келген шара барысында жастардың бойынан жалынды жігер, қайтпас рухты байқауға болады.
Диалог алаңының спикерлері Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мадәліұлы, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Жүнісбек Ердаулет Асқарұлы жастармен еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттары туралы пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.
«Жолдауда айтылған бағыттар бойынша нақты міндеттер айқындалған. Келесі жылдан бастап 100 мың жасты еңбекпен қамтитын түрлі шаралар жүзе асыру жоспары тұр. Сондықтан мемлекеттың дамуына, көзделген реформаларды іске асыруға жастар атынан бірге үлес қосуларыңыз керек. Жолдауды ел ертеңін еңселі етіп, ұлтты ұйыстыруға, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Ол билік пен қоғам арасындағы диалог нығайып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанына дәлел – деді Бахадыр Мадәліұлы.
Жолдаудың басты басым бағыттарының бірі халықтың әл ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсарту. Бүгінгі таңда осы бағытта Шымкент қаласында қарқынды жұмыс атқарылуда.
Еліміздің болашағы жастар отанымыздың өркендеп, өсуіне өз еңбектерімен үлес қосуы тиіс. Ұлтқа, еліне деген сүйіспеншілігі басым, рухы өр, намысшыл жастар өсіп келеді. Олар келешекте еліміздің нағыз көшбасшылары болары сөзсіз.