Шымкент: Күйік жарақатын алған балалар саны артқан

40

Шымкентте күйік және түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түскен науқас балалар саны көбейген. Ақ халаттылар осылай деп дабыл қағып отыр. Өткен жылы медицина мекемесіне дене жарақатын алған 14987 бала қаралса, биыл 23576 бала медициналық көмекке жүгінген. Ал күйік шалған балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 200 -ге артық.

Болат Нұсқабаев, қалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі: «Биылғы жылы барлық жарақат түрі көбейген. Оның бір себебі карантинге байланысты деп ойлаймыз. Мектеп жарақаты да көбейген. Мәселен былтырғы жылы мектеп жарақаты 605 болса, биыл жыл басынан бері 1993 бала».

Дәрігерлердің айтуынша, 6 айдан 3 жасқа дейін балалардың басым бөлігі ыстық судан жарақаттанады, ал одан ересектеу балалардың ойнап жүріп отқа күйіп қалатын жағдайлары көптеп кездеседі екен. Ақ халаттылар оқыс оқиғаға тап болған кезде өздігінен ем қабылдамай бірден медицина мамандарына жүгіну керек екенін ескертеді.

Лаура Нақыпқызы