2022 жылы Шымкентте 7 шақырымға жуық су және кәріз жүйесі жаңартылған. Ал жоспарланған жұмыс 103 пайызға орындалған. Ескірген су құбырын ауыстыру нәтижесінде нормативтік-техникалық шығын 0,18 пайыз төмендеп, құбырлардың тозу деңгейі 0,5 пайызға азайған. Сондай-ақ, биыл 7 млн. теңгеге жуық қаржы кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалған.
Құрсай шағынауданы 2023 жылы ауызсумен толық қамтылады. Осылай деген су құбырлары және канализация басқарма басшысының орынбасары қазіргі таңда су сорғы станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын айтады. Ал қаланың бірқатар көшелерінде су құбыры жаңартылып, резервуар құрылысы аяқталғанда іске қосылады.
Бағлан Омаров, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК басшысының орынбасары: «Осы Құрсай елдімекенінде жекеменшік су құбырларының сапасы нашарлауы, тозу деңгейінің жеткендігі, оның ішінде Қазығұрт мөлтекауданында Құрманбек Жандарбеков көшесінің бойында орналасқан 315 диамтерлік құбыр тозығы жеткен 450 метр құбырды ауыстырып толығымен, қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан су қоймамыз 2023-те толық бітсе, біз сол құбырымызды қосуға дайын тұрмыз».
Су сорғы станциясының құрылысымен айналысып жатқан жұмысшылар да қолданыстағы материалдардың сапалы екенін айтады. Ал орнатылатын құбырлар кемінде 50 жыл қызмет ететін көрінеді.
Нұрбек Орынбасаров, оператор: «Мынау түйіспелі құрал. Осы аппаратқа мына құбырларды қойып, бекітіп, қоямыз. Одан кейін мына трубаны тегістейтін құралды қолданамыз. Ол құбырдың бетін теп-тегіс етіп шығарады. Одан кейін трубаны тазалап сүртеді. Содан кейін барып, үтік пайдаланылады. Үтікті саламыз, гидравликамен қысамыз. Үтікте тұратын уақыты -2 жарым минут. Сосын үтікті аламыз, қайтадан қысамыз. Сонымен 15 минут суып тұрады. Ажырап кетпейді, сапасы – құбыр қанша жылға жарамды болса, бұл да сондай».
Биыл бекітіліген инвестицилық бағдарламаның сомасы 110 млн. теңге болса, жұмыс 113 млн. теңгеге, яғни 103 процентке артығымен орындалып, толық игерілді дейді мамандар. Сондай-ақ, 7 миллион теңгеге жуық су сорғы, су реттегіш секілді материалдық-техникалық құрал-жабдық сатып алынған.
Айсұлу Әлібекова, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы: «2021-2026 жылдарға біз су құбыры және канализация басқармасына барлығы 750 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырып, инвестициялық бағдарламасын бекіттік. Оның ішінде 2022 жылға тиесілі 110 млн. Бүгінгі таңда 7 шақырымға жуық су жүйесі мен кәріз жүйесі жаңартылды. Қосымша 7 млн теңге қаражатқа негізгі құралдар сатып алынды. Насостар, су реттегіштер секілді біраз материалдар алынып, олар жаңартылып отыр».
Жалпы 2022 жылы Шымкентте 7 шақырымға жуық су және кәріз жүйесі жаңартылған. Ескірген құбырларды жаңарту нәтижесінде нормативтік-техникалық шығын 0,18 пайызға төмендеген. Ал құбырлардың тозу деңгейі 0,5 пайызға азайған көрінеді.
Мемлекет басшысының халықтың тұрмыстық әл ауқатын жақсарту туралы берген тапсырмасына орай Шымкентте осындай толымды тірліктер атқарылуда.