Шымкентте белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

80

10 қазан еңбек адамының құқығын қорғаумен айналысатын кәсіподақтар күні. Осыған орай Шымкентте аумақтық бірлестік төрағасы одақ мүшелерін құттықтап, ерен еңбегі үшін марапаттады. Кәсіби мерекеге орай сала ардагерлері мен қызметкерлерге арнап керемет кеш ұйымдастырылды

ҚР Кәсіподақтар күніне орай қаладағы ең белсенді кәсіподақ мүшелерін құттықтау рәсімі өтті. Бүгін «кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін иеленген Серік Әуесхановтың мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргеніне 40 жылдан асқан. Оның соңғы 5 жылында осы одақта еңбек сіңірген. Бүгін атқарған еңбегі еленіп, әріптестері алдында марапатқа ие болды.


Серік Әуесханов, «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Салтанатты іс шарада Еңбегі үшін медалімен марапатталдым. Мен 1987 жылдан бері кәсіподақ мүшесімін. Осы одаққа белсенді қызмет етіп жүргенімді айтар болсам, 2018 жылдан бастап, ол кезде ОҚО еді, сол кезден бірлестікте төраға орынбасары ретінде қызмет атқардым».

Салтанатты шараға қала әкімдігі, қалалық денсаулық сақтау басқармасы, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, автомобиль көлігі және жол мекемелері, агроөнеркәсіп кешеніне қарасты кәсіподақ мүшелері қатысты. Ұйымдастырушылар еңбек адамының құқығын қорғап жүрген мамандарға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы: «Бізде Шымкент қаласында үлкен мереке. Себебі 10 қазан – ҚР кәсіподақтар күні. Бүгін атап өтіп жатырмыз. Шымкент Кәсіподағында 8 салалық, 7 жергілікті кәсіподақ бар. 293 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Шымкент қаласы әлеуметтік әріптестік аясында біздің мекеме еңбек адамының еңбек құқығын қорғаумен айналысады».

Айта кетейік, Шымкенттік кәсіподақ құрамында 52 мыңнан аса адам бар. Сондықтан да өңірдік одақ Қазақстандағы ең ірі одақтың бірі болып саналады. Ал бірлестік мүшелері кәсіподақ тарапынан көмек алып, түрлі тегін қызметке жүгіне алады