Шымкенттің орталығындағы дәмханаға «бомба қойылғаны» туралы хабар жалған боп шықты…

49
фото Орда

Бүгін таңертең 102 пультіне белгісіз біреуден Шымкенттің орталығындағы дәмханаға бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Қоңырау шалушы Республика даңғылы бойындағы дәмханалардың біріне бомба қойылғанын айтқан.

Оқиға орнына қалалық төтенше жағдайлар қызметі жөнелтілді. Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алып, көшенің бір бөлігін жауып тастады.

Мекемеде ешқандай бомба табылған жоқ. Жалған лаңкестің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.