Шымкентте "бомба" деп шошынған тұрғындар түннің жарымында үйлерін тастай қашты АНОНС Оқыс оқиға 

Шымкентте «бомба» деп шошынған тұрғындар түннің жарымында үйлерін тастай қашты

«Бомба» деп жанын шүберекке түйген тұрғындар қыстың суық түнінде көше кезіп кетті. Өйткені көп қабатты үйдің алдынан жарылысқа ұқсайтын күдікті зат табылып, полицейлер бір топ халықты жылы үйлерінен көшеге шығарып, қауіпті аймақты оқшаулап қойды. 13 желтоқсан түнде Шымкентте бір көшенің қозғалысына шектеу қойылды. Полицияға 102 нөмірі бойынша 17 шағын ауданындағы 20 көп қабатты үйдің ауласына бомба қойылған деген хабарлама түскен. Оқиға орнына лезде жеткен полицейлер күдікті аумақты бірден оқшаулап, тексеру жұмыстарын жүргізді. № 20 үйдің тұрғыны: «Полицейлер әр үйді аралап шығып, далаға шығуымызды өтінді. Үйіміздің алдымызда, бомба тұр дегенді естігенде…

Read More
Оқыс оқиға 

Ресейлік азамат Шымкентте көлігін «жармақ» болды

Зайыбымен ренжісіп қалған шымкенттік тұрғын автокөлігін жарып жібермек болды. Ол азамат Еңбекші полиция бөлімінің кезекшісіне хабарласып, көлігіне жарылғыш бомба қойылғанын айтқан. Оқиға орнына облыстық ішкі істер басқармасының шұғыл тобы мен арнайы жасақ жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары тез арада тиісті аумақты қоршауға алып, жақын маңдағы тұрғындарды оқшаулады. Бірақ 1,5 сағаттық тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қоңырау жалған болып шықты. Сол арада шұғыл тергеу-іздестіру шаралары жүргізіліп, мамандар күдіктіні қолға түстірді. Ол 49 жастағы Шымкенттің тұрғыны, көршілес Ресей Федарациясының азаматы болып шықты. Күдіктінің айтуынша, әйелімен ренжісіп қалып, қызуқандылықпен өз көлігін «жарылады» деп…

Read More
Жаңалықтар 

Көп балалы ана «әзілі» үшін сотталды

Шымкентте «МЕГА-Шымкент» сауда орталығында бомба бар деп жалған ақпар таратқан 8 балалы анаға қатысты сот үкімі өз күшіне енді. 2014 жылдың 11 шілдесінде көпбалалы ана сауда орталығына келіп, өзінің ұялы телефоны арқылы полиция бөліміне осы сауда орталығында бомба бар деп хабарлаған болатын. Сауда орталығына келушілер қауіпсіз жерге көшіріліп, жарылғыш затты табу үшін барлық шаралар жасалған. Алайда келіп түскен хабарлама жалған болып шықты. Соңында телефон шалған азаматша анықталды. Жалған ақпарат туралы қылмыстық іс өңделіп, сотқа берілген. Нәтижесінде Әл Фараби аудандық соты айыпталушыны ҚР қылмыстық кодексінің 242-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 3 жылға бас…

Read More
Оқыс оқиға 

Шымкенттегі ірі сауда орталығынан шу шықты

«Шымкенттегі «Мега орталыққа» бомба қойылды». Дәл осындай суыт хабар ғимарат ішіндегі ағайынды әп сәтте -ақ абдыратып тастады.  Түскі сағат 16:00-дер шамасында түскен хабарда орталықтың 3-қабатында жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Суыт хабардан тез арада барлық шұғыл қызметтің кезекшілері құлағдар болады. Онсыз да ыстық күнде төтенше ақпараттың тарауы жұртты қатты әбіржітті. Орталықта жүргендердің барлығы тез арада сыртқа шығарылды. Жедел жәрдем, саперлар мен полицейлер тез жетті. Темір Мұхтаров, қала тұрғыны: «Біз ол кезде кинотеатрдың 5-залында отыр едік. Достарымызбен кино көруге келгенбіз. Фильмнің жартысын қарап болмай жатып, жарық пен экран сөніп қалды. Араға 2-3…

Read More
Жаңалықтар 

7 баланың анасы жалған ақпар үшін жазалануы мүмкін

Жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланады. 44 жастағы азаматша осыдан тура 5 күн бұрын Шардара қаласындағы жергілікті банктердің бірінде жарылғыш бомба қойылды деп полицейлерге хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары тез арада банк қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшіріп, мекемені қоршауға алып, жедел іздестіру шараларын жүргізген. Алайда жарылғыш зат табылған жоқ. Бір тәуліктің ішінде күдікті қолға түсіп отыр. Суыт хабар Шардара аудандық тәртіп сақшыларының кезекші бөліміне 11-маусым күні сағат 19:41-де түскен. Хабарласқан әйел банкке жарылғыш бомба қойылды деп, тұтқаны қоя салған. Енді күдікті қолға түсіп, кінәсін мойындап отыр. Күдікті: «Мен хабарластым полицейлерге.…

Read More
Оқыс оқиға 

Теміржол вокзалынан бомба іздестірілуде

Шымкенттің тәртіп сақшылары теміржол вокзалынан бомба іздестіріп жатыр. Қазір вокзал маңы толығымен қоршауға алынған. Бөгде адамның кіріп-шығуына рұқсат жоқ. Ғимаратқа жарылғыш зат қойылған деген күдік бар. Суыт хабар облыстық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне кешкі сағат 16:30да түскен. Хабарласқан адам вокзалға мина қойылды деп, тұтқаны қоя салған. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, саперлар, ОҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті депаттаментінің мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері жүр. Барлық жолаушылар мен вокзал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшілірген. Бейресми мәліметтерге сәйкес, пойыздардың жүріс-тұрысы да тоқтатылған болуы мүмкін.

Read More