Шымкентте қоғамдық кеңес өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі жолдауын талқылау мен түсіндіру бойынша арнайы жиын өткізді. «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС өткен кездесуде ел президентінің көтерген мәселелері талқыланып, оның ұтымды тұстары айтылды.
Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелері «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің қызметкерлерімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша жиын өткізді. Кездесуде қоғамдық кеңес мүшелері мемлекет басшысының жолдауда айтқан өзгерістері туралы толық баяндап, оның тиімділігіне тоқталды.
Бауыржан Алтеев, Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы: «Бұл жолдаудың өзгешелігі өте көп. Халықтың көкейінде жүрген көп мәселелер осы жолдауда айқын көрінді. Өйткені, біз жолдаудан алдын референдумға үгіт насихат кезінде халықпен көп кездесу өткіздік. Сол кезде тұрғындар тарапынан көтерілген біраз мәселенің жауабы жолдауда айтылды. Мәселен, халық неге біз ұлттық қордан үлес алмаймыз деген еді».
Қазақстанның 30 жылдан бері жеткен жетістігі аз емес деген қоғамдық кеңес төрағасы шекарамыз шегенделгенінің өзі үлкен жетістік екенін айтады. Дегенмен елдегі экономикалық даму бәсеңдеген деді Бауыржан Алтеев. Ал мемлекет басшысы жолдауда экономиканы дамыту қажет екенін айтып, шағын және ота бизнес өкілдеріне қатысты салық заңнамасын өзгертуді тапсырды. Бұл да көптің көкейінде жүрген проблема еді.
Жолдауда айтылған инфрақұрлымға инфвестиция тарту мәселесі де қазір актуалды болып отыр. Осылай деген «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман бұл ел игілігі үшін жақсы бастама екенін жеткізді.
Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры: «Тозығы жеткен деңгейді инженерлі инфрақұрылымның газ, жылу, су, кәріз деген сияқты 15 пайызға кеңейту мәселесін нақты қойды. Бұл өте керемет шешім. Нағыз халықтың жағдайын ойлап, осындай шешімді қабылдап жатқан президентке рақмет. Қазір мемлекет тарапынан арнайы концепция дайындалып жатыр».
Референдумда қолдап дауыс берген халықтың сенімі ақталды. Өйткені, ата заңға өзгеріс енгізілер кезде ел азаматтары үлкен сеніммен дауыс берді. Ал жолдауда жергілікті тұрғындар үшін бірқатар мәселер шешімін тапты. Әрі қолжетпес арман саналатын өзгерістер енгізілді дейді қоғамдық кеңес мүшелері.